“Балалар жылы”
Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды “Балалар жылы” деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген еді. Іс-шараға байланысты Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаевтың қолдауымен “Мектеп оқушыларын сапалы теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз ету жол картасын іске асыру жоспары” негізінде мектебімізде 1-4 сынып оқушылары күніне бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.