Ата-аналар жиналысы » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар жиналысы
30
январь
2019

Ата-аналар жиналысы



Тал бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде ??л Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс.

 

Міне, осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат демекші, 18.01.2019ж. сағат 17:00-де өскелең ұрпақтың азаматтығын және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруда ата-аналардың рөлін жандандыру мақсатында №33 мектеп-лицейінде «Білім алу процесін әлеуметтік-психологиялық қолдау» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. 

Күн тәртібінде осы төменде аталған мәселелер қарастырылды.

1)Баланы тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі. Отбасы құндылығы

2)Оқушының денсаулығы. Салауатты өмір салтын қорғаудағы ата-ана үлесі.

3)Білім алуға байланысты өзекті мәселелер, 2-тоқсан қорытындысы, білім сапасымен танысу.

4)Ата-аналарға «Қамқорлық» акциясын таныстыру; акцияға өз үлестерін қосуға барынша күш салдыру.

Ата-аналар жиналысына 690 ата-аналар қамтылды.