28.05.2024 ж мектебімізде 11-сынып оқушыларының алғашқы қазақ тілі
28.05.2024 ж мектебімізде 11-сынып оқушыларының алғашқы қазақ тілі пәнінен мемлекеттік емтиханы болып өтті. Мектеп директоры Алиев Н.М емтихан тапсырмасын ашып, таныстырып, оқушыларға сәттілік тіледі. Түлектерімізге алдағы емтихандарды да жоғары дәрежеде тапсыруларын тілейміз.