"Ата-аналарды педагогикалық қолдау" бағдарламасын жүзеге асыру
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жоспарға сәйкес қыркүйек айында 1 - 2 сыныптардың ата-аналарына ЗУМ платформасы арқылы "Сапалы ұйқы - балалардың дамуы мен денсаулығының іргетасы" тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста баланың тұлғасын дамыту үшін ұйқының маңызы; ұйқы - баланың танымдық және эмоциялық дағдыларын дамыту үшін негіз; әдет-ғұрыпты қалыптастыру алгоритмі; дұрыс ұйықтау үшін қажетті жағдайлар туралы айтылды.