Материалы за Октябрь 2020 года » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Октябрь 2020 года
Республикалық “Информатика” Блиц-турнирі
31
октябрь
2020
Республикалық “Информатика” Блиц-турнирі
Қазан айында өткізілген Республикалық “Информатика” Блиц-турнирінде мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі Айнабекова Айдана 1 орынды жеңіп алды! Алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетуіне тілектеспіз 💐💐💐
Мектеп кітапханасына саяхат!
26
октябрь
2020
Мектеп кітапханасына саяхат!
Мектебімізде кезекші сыныптарда білім алып отырған бастауыш сынып оқушылары мектеп кітапханасына келген көркем әдебиет оқулықтарымен танысты! Мектеп кітапханашысы Айдаркулова Алма Оспаналиевна оқушыларды көркем әдебиеттер оқып өздерін рухани жағынан байытуға шақырды!
"Үздік педагог" олимпиадасы
26
октябрь
2020
"Үздік педагог" олимпиадасы
ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайтында педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған III Республикалық “Үздік педагог” олимпиадасында мектебіміздің физика пәні мұғалімі Торғай Ермұрат II - дәрежелі дипломға ие болды! Құттықтаймыз💐💐💐
"Күздің берген сыйы" тақырыбында бастауыш сыныптары арасында көрме өткізілді!
23
октябрь
2020
"Күздің берген сыйы" тақырыбында бастауыш сыныптары арасында көрме
Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі мезгіл күз мезгіліне орай мектебімізде кезекші сыныптар арасында “Күздің берген сыйы” тақырыбында көрме өткізілді! Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету! Көрмеде оқушылар күз мезгіліндегі жемістерден көкеністерден түрлі жануарлардың құстардың бейнесін, үй, күз ханшайымын жасап өз шығармашылықтарын
Мектеп кітапханасына саяхат!
20
октябрь
2020
Мектеп кітапханасына саяхат!
Мектебімізде кезекші сыныптарда білім алып отырған 1- сынып оқушылары мектеп кітапханасына саяхат жасады! Көптеген ақын жазушылардың кітаптарымен, шығармаларымен танысып өз қызығушылықтарын білдірді. Түрлі әдеби шығармаларға ертегілерге толы кітаптарға қызыға қарап өздері білетін ертегілерін айтып тақпақтарымен бөлісті! Оқушыларымыздың кітапқа аса қызығушылықпен қарайтыны қуантады!
Қарттар күніне байланысты айлық жалғасын табуда!
16
октябрь
2020
Қарттар күніне байланысты айлық жалғасын табуда!
Қарттар күніне байланысты айлық жалғасын табуда! Мектеп психологы Ташметова Сандуғаш Ошақбаевна 10 “А” сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Бекеева Айнур Утепбергеновнаның ұйымдастыруымен Бекишева Малика Саутовна апайымызға барып мерекесіне орай сыйлық тапсырып құттықтады!
Қалалық кезеңге жолдама алды
13
октябрь
2020
Қалалық кезеңге жолдама алды
Аудандық балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша балалар өкілдіктерін сайлау байқауында мектебіміздің 10 “Б” сынып оқушысы Асанова Алсу 28 мектептің ішінен бас жүлдені жеңіп алып  қалалық кезеңге жолдама алды!  Құттықтаймыз💐💐💐
Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев мырзаның алғыс хатымен марапатталды!
07
октябрь
2020
Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев мырзаның алғыс хатымен
Білім саласында өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі жоғарғы көрсеткіштері мен жемісті еңбегі үшін мектебіміздің биология пәні мұғалімі, білікті ұстаз Ашимхан Ұлжан Әуесханқызы Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев мырзаның және “Ұстаз” кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен марапатталды! Құттықтаймыз 💐💐💐
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігіне орай ашық сабақтар
03
октябрь
2020
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігіне орай ашық сабақтар
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігіне байланысты қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен ашық сабақтар өткізілді!