Материалы за Февраль 2021 года » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2021 года
Елінің мақтан тұтар азаматы Ардақ Назаровпен онлайн кездесу өткізілетіндігін хабарлаймыз!!!
27
февраль
2021
Елінің мақтан тұтар азаматы Ардақ Назаровпен онлайн кездесу
🥋🏆 01.03.2021ж. күні сағат 11:00-де!!! Әлемнің үш дүркін чемпионы. Бокс пен қолма-қол күресуден спорт мастері, “Әлем файтерс” кәсіпқой спорт мектебінің директоры сонымен қатар өскелең ұрпақтың сауытының мықты болуына мән беріп қана қоймай, оларды үнемі таным мен тағлымға баулып, отансүйгіштік пен имандылыққа тәрбиелеп, рухани адамгершілік білім беру жолында аянбай еңбек етіп жүрген елінің мақтан тұтар азаматы Ардақ Назаровпен онлайн кездесу өткізілетіндігін хабарлаймыз!!!
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Жырлайды жүрек" атты көркемсөз оқу сайысы өткізілді!
26
февраль
2021
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Жырлайды жүрек" атты
Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту мақсатында мектебімізде 1 “А” сынып оқушыларымен Рустемова Жанар Нугмаровнаның ұйымдастыруымен, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Жырлайды жүрек" атты көркемсөз оқу сайысы өткізілді! Сайысқа 1 “А” сынып оқушылары толықтай белсене қатысып жүлделі орындар мен  номинацияларға ие болды! Өлең жолдарын жатқа, мәнеріне
"Топ жарған" басылымында оқушымыз туралы мақала жарияланды!
24
февраль
2021
"Топ жарған" басылымында оқушымыз туралы мақала жарияланды!
"Education" баспа үйі шығаратын "Топ жарған" – республикалық журналының кезекті санында білімге құштар, жан-жақты зерек шәкіртіміз мектебіміздің 7 "А" сынып оқушысы Халыков Жаслан туралы мақала жарияланды! 
“Алтын сақа” мегаполис олимпиадасы
18
февраль
2021
“Алтын сақа” мегаполис олимпиадасы
Алматы қаласы білім беру мекемелерінің 5-6 сынып оқушыларының арасында математика пәнінен өткен “Алтын сақа” мегаполис олимпиадасынан Ерікқызы Амина ІІІ-орынды иеленді! Пән мұғалімі: Әділханова Әйгерім Таңатарқызы. Құттықтаймыз 💐💐💐
“Қабілет” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен Республикалық “Мұқағали оқулары”
17
февраль
2021
“Қабілет” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен
“Қабілет” интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен 2021 жылдың ақпан айында өткен Республикалық “Мұқағали оқулары” байқауына қатысып, Жанысбек Бекарыс Мадиярұлы І-орынды жеңіп алды! Жетекшісі: Серикова Балжан Сайранқызы. Құттықтаймыз 💐💐💐
“Ондық бөлшекті натурал санға көбейту” тақырыбында ашық сабағын өткізді!
15
февраль
2021
“Ондық бөлшекті натурал санға көбейту” тақырыбында ашық сабағын
Жаратылыстану-математика бірлестігінің онкүндігіне байланысты математика пәнінің мұғалімі Башар Назерке Ерланқызы кезекші 5 “Б” сыныбымен “Ондық бөлшекті натурал санға көбейту” тақырыбында ашық сабағын өткізді! Ашық сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып өз шығармашылықтары мен қызығушылықтарын көрсетті.
Жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігінің онкүндігіне байланысты информатика пәнінен ашық сабақ!
15
февраль
2021
Жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігінің онкүндігіне
Жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігінің онкүндігіне байланысты информатика пәнінің мұғалімі Жұмағазина Шолпан Жұмағазықызы кезекші 5 “Б” сыныбымен ашық сабағын өткізді! Ашық сабақ жаңаша әдіс-тәсілдермен шыңдалған сабақ болды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары ерекше көзге түсті. Сабақ барысында роботтар еліне саяхат жасалынып оқушылар конструктор құрастырып үйренді.
“Директорлық сенбілік-ата-ана үні” тақырыбында қашықтан 10-11 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді!
13
февраль
2021
“Директорлық сенбілік-ата-ана үні” тақырыбында қашықтан 10-11 сынып
13.02.2021ж. күні мектебімізде “Директорлық сенбілік-ата-ана үні” тақырыбында қашықтан 10-11 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді! Күн тәртібінде: мектеп директоры 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды хабардар ету;  Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады; Ата-ананың баланы қадағалап отыруы;  Оқушылар мен ата-аналардың іс-әрекеті, міндеттері, ата-ананың оқушыға жағдай жасауы; және т.б мәселелер қаралды!
Жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігінің онкүндігіне байланысты ашық сабақтары!
12
февраль
2021
Жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігінің онкүндігіне
Жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігінің онкүндігіне байланысты математика пәнінің мұғалімі Бекеева Айнұр Утепбергеновна кезекші 9 “Б” сыныбымен “Тригонометрия формулалары” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ өте қызықты және санитарлық талапқа сай өткізілді. Түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып оқушылар белсене араласып отырды.
Жаратылыстану-математика бірлестігінің онкүндігіне байланысты ашық сабақтар өткізілуде!
11
февраль
2021
Жаратылыстану-математика бірлестігінің онкүндігіне байланысты ашық
Жаратылыстану-математика бірлестігінің онкүндігіне байланысты математика пәнінің мұғалімі Әділханова Айгерім Таңатарқызы кезекші 5 “А” сыныбымен ашық сабағын өткізді! Ашық сабақта әдіс-тәсілдер, түрлі ойындар, көрнекіліктер мұғалімнің аса шеберлігімен дайындалып өте қызықты өтті.