Материалы за Январь 2021 года » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Январь 2021 года
«Адал ұрпақ – мәңгілік елдің кепілі!» тақырыбында аудандық онлайн-конференция
27
январь
2021
«Адал ұрпақ – мәңгілік елдің кепілі!» тақырыбында аудандық
Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- барлығымыздың борышымыз. Осыған орай бүгін 27.01.2020ж күні Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Сапарова Ағайша Амировна және 33 мектеп-лицей тәлімгері Бектұрған Аяжан Ұланқызы мен ДТІЖО Қыдық Ақерке Алханбайқызының ұйымдастыруымен Медеу ауданы  мектептерінің
Қоғамдық-эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігіне орай ашық сабақтар!
22
январь
2021
Қоғамдық-эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігіне орай ашық
Қоғамдық-эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігіне орай өзін-өзі тану пәнінен Қыдық Ақерке Алханбайқызы “Адами қарым-қатынастар әлемі” тақырыбында 7 “Б” сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Оқушылар толықтай сабаққа қатысып бейнебаян бойынша өз ойларын айтып топ бойынша сұрақтарға жауап берді.
Қоғамдық-эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігіне байланысты ашық сабақтар!
21
январь
2021
Қоғамдық-эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігіне байланысты ашық
Қоғамдық-эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігіне орай көркем еңбек пәні бойынша Рахимова Лайла Турсыновна “Өзгеріске ұшырау және тігін бұйымдарын сәндеу” тақырыбында 7 “А” сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында оқушылар өз белсенділіктерін танытып түрлі тапсырмалар орындады.
Қоғамдық-эстетикалық бірлестігінің онкүндігі бойынша ашық сабақтар өткізілуде!
20
январь
2021
Қоғамдық-эстетикалық бірлестігінің онкүндігі бойынша ашық сабақтар
Қоғамдық-эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігіне орай көркем еңбек пәні бойынша Сақабай Дариға Әлібекқызы 8 "Ә" сынып оқушыларымен "Үстел ойынын дайындау. Графикалық құжаттама. Құрал-саймандарды дайындау" тақырыбында қашықтан ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып топтық жұмыстарға өз тапқырлықтарын көрсетті. 
5,9,11 кезекші сыныптар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып мектепке келіп білім алуда!
18
январь
2021
5,9,11 кезекші сыныптар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды
Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ қоғамның пікірін ескере отырып, оқу жылының ІІІ- тоқсанынан бастап мектебімізде 5,9,11 сыныптар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып мектепке келіп білім алуда. Соған сәйкес, 9-11 сынып оқушылары пәндердің 70 пайызын дәстүрлі форматта, 30 пайызын қашықтан оқуда!   🔷  Мектепте санитарлық талапқа сай қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылған! Оқушылар мектепке кірісімен дене қызуы тексеріліп, ара-қашықтық сақтап
Қалалық "Тоғызқұмалақ аламаны" онлайн жарысы!
15
январь
2021
Қалалық "Тоғызқұмалақ аламаны" онлайн жарысы!
Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласында түрлі мамандықтар арасында ұйымдастырылған қалалық "Тоғызқұмалақ аламаны" онлайн жарысында "Ұстаздар қауымы" санаты бойынша мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Исмагулов Мақсат ІІ-дәрежелі орынға ие болды! Жарайсыз Мақсат ағай! Құттықтаймыз!
“Абай - халық данасы!” атты Республикалық өнер байқауы!
13
январь
2021
“Абай - халық данасы!” атты Республикалық өнер байқауы!
“Белес” өнер орталығының ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткен “Абай - халық данасы!” атты Республикалық өнер байқауына белсене қатысқаны үшін Толеумурат Нуриман марапатталды! Сынып жетекшісі Серикова Балжан Сайранқызы шәкірт дайындағаны үшін алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз 💐💐💐
"Педстарт" республикалық қашықтық олимпиадасы
12
январь
2021
"Педстарт" республикалық қашықтық олимпиадасы
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Педстарт" республикалық қашықтық олимпиадасынан орыс тілі пәні бойынша мектебіміздің орыс тілі пән мұғалімі Мусабекова Сана Тюлеугалиевна ІІІ-дәрежелі орынға ие болды! Құттықтаймыз! 
"Педстарт" республикалық қашықтық олимпиадасы
11
январь
2021
"Педстарт" республикалық қашықтық олимпиадасы
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Педстарт" республикалық қашықтық олимпиадасынан қазақ тілі пәні бойынша мектебіміздің бастауыш пәні мұғалімдері Рустемова Жанар Нугмаровна, Жансеркеева Гүлжан Токтакыновна І-дәрежелі орындарға ие болды! Құттықтаймыз!