Жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігі онкүндігінің жабылуы
Жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігі онкүндігінің жабылуы аясында 9-10 сыныптар арасында “Bilim time” интеллектуалдық сайысы өтті. Бұл сайысқа 9-10 сынып оқу белсенділері қатысып, топтық жарыста өз білімдерін көрсете білді. Сайыс соңында мектебіміздің директоры Алиев Нурлан Меркенович жеңімпаз топтарды марапаттады!🥳👍