Онкүндік барысында мәнді, мағыналы іс-шаралар көптеп өткізілуде.
Гуманитарлық пәндер әдістеме бірлестігінің онкүндігі өз жалғасын табуда. Онкүндік барысында мәнді, мағыналы іс-шаралар көптеп өткізілуде. Соның бір дәлелі, бүгінгі 17.10.2023 ж.күні 7”ә” сыныбының ұйымдастыруымен өткен “Абай и Пушкин: единство творчества и родство поэзий” атты кеші. Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты қазақ және орыс халықтарының мәдени мұрасымен таныстыру, тілдерді меңгеруге деген қызығушылығын ояту. Сонымен қатар, екі ұлы тұлғаның шығармашылығына құрметпен қарауға баулу.