Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 08.06.2026
08.06.2026 ж. “Жаз Fest-2026” жазғы сауықтыру лагерінің жұмыс жоспары бойынша балалар танымдық экскурсия жасап С.Бегалин атындағы балалар кітапханасына және Орталық мұражайға барды.
08
июнь
2026
08.06.2026 ж. “Жаз Fest-2026” жазғы сауықтыру лагерінің жұмыс жоспары
☀️🎨📚08.06.2026 ж. “Жаз Fest-2026” жазғы сауықтыру лагерінің жұмыс жоспары бойынша балалар танымдық экскурсия жасап С.Бегалин атындағы балалар кітапханасына және Орталық мұражайға барды. Күн тәртібі таңғы жаттығудан басталды. Жоспар негізінде робототехника, би (хореография) үйірмелері өткізілді.  🌟Балалар уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізді✅ [media=https://youtube.com/shorts/8TJAfRny8eo]
Бүгін мектебіміздің 9-сынып оқушылары қазақ тілінен мемлекеттік қорытынды емтихан тапсырды.
08
июнь
2026
Бүгін мектебіміздің 9-сынып оқушылары қазақ тілінен мемлекеттік
Бүгін мектебіміздің 9-сынып оқушылары қазақ тілінен мемлекеттік қорытынды емтихан тапсырды. Емтихан барысында оқушыларымыз ана тіліміздің байлығын, емле мен тыныс белгілерін, әдеби тіл нормаларын қаншалықты меңгергенін көрсетті.  9 жылдық негізгі мектепті аяқтаудың алдындағы маңызды сыннан шәкірттеріміз сүрінбей өтті деп сенеміз. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне қажырлы еңбектері үшін алғыс айтамыз. Ата-аналарға қолдаулары үшін рақмет! Қымбатты 9-сынып оқушылары! Аттестат алуларыңа сәттілік.