Сүйінші хабар! Бүгін, №33 мектеп-лицей ұжымының директоры Н.М.Алиевке Қорғаныс Министрлігі Ш.Уалиханов атындағы әскери колледжінің бастығы Е.Е.Нұржановтан «Алғыс хат» келді. Хатта мектеп-лицейіміздің 2021 жылғы түлегі » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сүйінші хабар! Бүгін, №33 мектеп-лицей ұжымының директоры Н.М.Алиевке Қорғаныс Министрлігі Ш.Уалиханов атындағы әскери колледжінің бастығы Е.Е.Нұржановтан «Алғыс хат» келді. Хатта мектеп-лицейіміздің 2021 жылғы түлегі
30
декабрь
2021

Сүйінші хабар! Бүгін, №33 мектеп-лицей ұжымының директоры Н.М.Алиевке Қорғаныс Министрлігі Ш.Уалиханов атындағы әскери колледжінің бастығы Е.Е.Нұржановтан «Алғыс хат» келді. Хатта мектеп-лицейіміздің 2021 жылғы түлегі

Сүйінші хабар! Бүгін, №33 мектеп-лицей ұжымының директоры Н.М.Алиевке Қорғаныс Министрлігі Ш.Уалиханов атындағы әскери колледжінің бастығы Е.Е.Нұржановтан «Алғыс хат» келді. Хатта мектеп-лицейіміздің  2021 жылғы түлегі -  Мұхаметғали Нәсіпбектің конституциялық және қызметтік борышын адал атқарып жүргені, оқу барысында өзінің ерекше көзге түскені,  қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатындығы, өз ортасында жоғары әскери тәртіптілігі, әскери колледждің мақтанышы екендігі айтылады.
№33 мектеп-лицей ұжымы үшін бұл хаттың маңызы зор. Біздің әрбір түлегіміз жүрген жерінде, ұшқан ұясының мәртебесін арттырғаны, ұжым мерейін өсіріп, көілге қуаныш ұялатты.
Мұхаметғали Нәсіпбек біздің лицейімізге 1- сыныптан қабылданып, 11 жыл оқып, ұядан ұшқан түлегіміз. Көпбалалы отбасының үлкені, анасының сүйеніші, қарындастарына қамқор аға бола білді. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ Нәсіпбек оқуда тиянақты,  көркем сөз шебері, қойылым актері, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, сыныбының ұйытқысы бола білді.
Нәсіпбектің мақсаты айқын, болашағы кемел болсын!
Құрметті ұстаздар! Шәкіртіміздің жаңа жылдық сыйы құтты болсын! Әрбір түлегімізден осындай ілтипат көре берейік!

Похожие публикации: