Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманы М.Р. Шажагулова Алматы қаласы Білім басқармасының «№33 мектеп-лицейінің» 10-11 сынып оқушылары арасында Адалдық сағатын өткізді. Адалдық сағатының мақсаты: сыбайлас » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманы М.Р. Шажагулова Алматы қаласы Білім басқармасының «№33 мектеп-лицейінің» 10-11 сынып оқушылары арасында Адалдық сағатын өткізді. Адалдық сағатының мақсаты: сыбайлас
13
сентябрь
2022

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманы М.Р. Шажагулова Алматы қаласы Білім басқармасының «№33 мектеп-лицейінің» 10-11 сынып оқушылары арасында Адалдық сағатын өткізді. Адалдық сағатының мақсаты: сыбайлас

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  бас маманы М.Р. Шажагулова Алматы қаласы Білім басқармасының «№33 мектеп-лицейінің»  10-11 сынып оқушылары арасында Адалдық сағатын өткізді. Адалдық сағатының мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. 
      Осындай міндеттерді негізге ала отырып,   Республикалық «Sanaly urpaq» жобалықкеңесінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлы, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі Балғымбаев Саят Сергейұлы және №33 мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Рашаева Мейрамкуль Жайқожақызы  аса өнегелі,   болашағына сеніммен  қарайтын  патриот азаматтар  қалыптастыру үшін заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оқушыларды адалдыққа, әділдікке және  Жаңа Қазақстан құруға өз үлесін қосуға шақырды.  Адалдық сағаты қызықты, тартымды өтті.  Оқушылар кері байланыс жасап,  іс-шара қонақтарына рақмет айтып ризашылықтарын білдірді және «Адал ұрпақ»  еріктілер клубының жұмысын адал  атқаруға уәде берді.