20
ноябрь
2022
ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы
Бүгін, 20 қараша күні елімізде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде. Республика бойынша таңғы сағат 7.00-де барлық сайлау учаскелері ашылды және өз жұмыстарын жалғастыруда! Алматы қаласы, Медеу ауданы №33 мектеп-лицейінде №374 сайлау учаскесі маңызды шараға өз үлестерін қосып жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруда. "Қадірлі ағайын, бүгін – мемлекетіміз үшін, еліміз үшін ең бір маңызды күндердің бірі. Біз ата-бабамыздың аманатын арқалаған елміз. Келешек ұрпақтың арман-мүддесіне жауапты елміз. Сондықтан бүгінгі күні келіп, өз үміткерлеріңізді таңдап дауыс бергендеріңіз үлкен жауапкершілік! Сіз таңдаған кандидат болашақ үшін адал қызмет істейді деген үміттеміз!