Қашықтықтан оқытуды психологиялық сүйемелдеу » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қашықтықтан оқытуды психологиялық сүйемелдеу
27
апрель
2020

Қашықтықтан оқытуды психологиялық сүйемелдеу

✔️✔️Қашықтықтан оқытуды психологиялық сүйемелдеу. 👨‍👩‍👧‍👦 Отбасы-бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. 
________________
❤️Махаббат-тәрбиенің маңызды құрамдас бөлігі. Отбасында ата-ананың балаға деген махаббаты-бұл баланың ең басты қажеттілігі болып табылады.
"Мен сені жақсы көремін" деп айта отырып, ата-ана баласына деген сүйіспеншілігін неғұрлым көп көрсетсе, соғұрлым бала ата-анасына лайық екенін дәлелдегісі келеді. Ата-ананың махаббаты баланың өзіне деген сенімін арттырып, өз тұлғасына деген құрметін нығайтады.
________________ 🌍 Қазіргі таңда ата-аналар мен оқушылардың үйде отыруы оларды әбден қажытуы мүмкін. Сондықтан, отбасында белгілі бір күн тәртібін орнатып, оның орындалуын қадағалау қажет. Бос уақытты тиімді пайдалану өте маңызды. Сондықтан, бос уақытты тек компьютер, смартфон, теледидардың алдында өткізбес үшін отбасылық құндылықтарды нығайтуға жағдай жасаған жөн. Сондай-ақ күнделікті кітап оқып, дене жаттығуларын орындаған дұрыс. 
________________
✊ Қашықтықтан оқытуда ата-ана шыдамды, сабырлы болғаны дұрыс. Балаға шамадан тыс талап пен міндет қоюдың қажеті жоқ. Барлық нәрсені біртіндеп жасағаны жөн. Сабаққа алдын-ала біртіндеп, тыныштықты сақтап, дайындала бастағанын қадағалау маңызды. Сабаққа дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзі шаршаса, онда ағзасы да шаршайды. Мұндайда үй тапсырмасын орындау қиынға соғады. Сондықтан, көздің демалуына жағдай жасап, көзге арналған жаттығуларды орындаған дұрыс. 
Ата-ана өз қажеттіліктерін де ұмытпаған жөн. Егер шаршағанын сезінсе және  шыдамдылығы аяқталса, демалу үшін өзіне де біраз уақыт бөлген жөн. 
Педагог-психолог:  Ташметова Сандуғаш Ошақбаевна