Мектеп табалдырығын енді аттаған бірінші сынып оқушылары кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасады. » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп табалдырығын енді аттаған бірінші сынып оқушылары кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасады.
12
сентябрь
2024

Мектеп табалдырығын енді аттаған бірінші сынып оқушылары кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасады.

Мектеп табалдырығын енді аттаған бірінші сынып оқушылары кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасады. Олар
кітапхананы пайдаланудың негізгі ережелерімен танысты, кітаптармен қалай жұмыс істеу керектігін, олар не үшін қажет екенін білді. Көркем безендірілген кітап көрмелеріне ерекше назар аударылды.
Болашақ оқырмандарымыз кітапханаға қалай жазылуға болатыны, "абонемент", "оқу залы" деген не және олар қалай ерекшеленетіні туралы білді. Сондай-ақ, балаларға кітаптарды қалай дұрыс таңдау керектігі, кітаптардың кітапханада қандай принцип бойынша орналасқандығы, кітапты оқығаннан кейін, дұрыс уақытта, бүтін түрінде қайтарылуы керек екендігі туралы айтылды.