27
январь
2025
7 «Ә» сыныбында «Үштік жоба» аясында өткізілген тәрбие сағаты ерекше мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор шара болды.
7 «Ә» сыныбында «Үштік жоба» аясында өткізілген тәрбие сағаты ерекше мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор шара болды. Сабақ барысында оқушылар тәртіп пен заң тақырыбында өзара пікір алмасып, қоғамдағы негізгі құндылықтарды талқылады. Сыныптағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында арнайы дайындалған ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, бір-бірін тереңірек түсінуге тырысты.
Шараға ата-ана Қожагелдиева Салтанат ханымның қатысуы ерекше маңыздылыққа ие болды. Ол сабақ соңында оқушылармен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, оларға маңызды ақыл-кеңестерін айтты. Ата-ананың осындай белсенділігі оқушылардың бойында жауапкершілік пен тәртіпке деген құрметті арттыра түсетіні сөзсіз.
Бұл тәрбие сағаты оқушылардың азаматтық көзқарастарын қалыптастыруда, сынып ішіндегі достық қарым-қатынасты дамытуда және ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда үлкен үлес қосады деген сенімдеміз!