Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7 Ә сынып оқушылары “Табысты мектеп” жобасы аясында ерте жастан кәсіпке баулу және пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсатында Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік зерттеу орталығына барып қайтты.
31
январь
2025

7 Ә сынып оқушылары “Табысты мектеп” жобасы аясында ерте жастан кәсіпке баулу және пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсатында Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік зерттеу орталығына барып қайтты.

7 Ә сынып оқушылары “Табысты мектеп” жобасы аясында ерте жастан кәсіпке баулу және пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсатында Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік зерттеу орталығына барып қайтты.

Сапар барысында оқушылар микробиология, вирусология саласының маңызы, зертханалық жұмыстардың ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат алды. Ғылыми орталықтың мамандары бактериялар мен вирустардың адам өміріндегі рөлі, зерттеу әдістері туралы қызықты деректермен бөлісіп, зертханалық құралдармен таныстырды.

Экскурсия оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауға жаңа серпін берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, зерттеу жұмыстарының маңызын тереңірек түсінді.

Осындай танымдық сапарлар оқушылардың білімге деген ынтасын арттырып, жаңа мүмкіндіктерді ашуға көмектеседі. Орталық жетекшісі Баймаханова Байкен ханым және Биология пәнінің мұғалімі Батырбек Азиза апайға алғыс білдіреміз!