07
апрель
2025
07.04.2025 ж күні «Халықаралық денсаулық сақтау » күніне орай тиімді тамақтануды насихаттау балалардың денсаулығын сақтау, оқушылардың, жасөспірімдердің тамақтануының ғаламдық мәселелеріне назар аудару,
Мектебімізде 07.04.2025 ж күні «Халықаралық денсаулық сақтау » күніне орай тиімді тамақтануды насихаттау балалардың денсаулығын сақтау, оқушылардың, жасөспірімдердің тамақтануының ғаламдық мәселелеріне назар аудару, балалардың ауруға шалдығуының факторы ретінде үйлесімді тамақтану мәселелері жөнінде медицина қызметкерлерінен ақпарат алу мақсатында "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» тақырыбында №1 қалалық емхананың педиатр дәрігері Бекова Айгерім Талғатқызы оқушыларға түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесуге келген маман дұрыс тамақтану қағидаттарын түсіндіріп өтті. Оқушыларға әр дәруменнің қандай тағамда болатыны туралы таныстырып шықты. Балалар іс-шара нəтижесінде қоршаған ортаны таза ұстау, белсенді қозғалыста болу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу туралы ақпараттар алды.