Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім” сынып сағаты
08
сентябрь
2025

“Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім” сынып сағаты

“Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім” сынып сағаты

🗓 08.09.2025 жылы мектебімізде “Адал азамат” бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында «Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Бұл тәрбие сағаты оқушылардың отбасына деген құрметін арттырып, отбасы құндылықтарының адам өміріндегі рөлін терең түсіндіруге арналды.
👨‍👩‍👧‍👦 Оқушылар өз отбасылары жайлы ой бөлісіп, ата-ананың орны, жылуы мен мейірімі туралы әсерлі пікірлерімен бөлісті.


2️⃣ Жеке қауіпсіздік және жол ережесі тақырыбы

Сынып сағаты барысында балаларға жеке қауіпсіздік, жолда жүру ережелері мен күнделікті өмірде сақтық шараларын сақтау жолдары жан-жақты түсіндірілді.
🚸 Балаларға жол белгілері, жаяу жүргіншілер ережесі, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы нақты мысалдар келтіріліп, интерактивті түрде талқылау жүргізілді.
🔒 Қауіпсіздік – әр баланың жауапкершілігі екенін ұғындыру – басты мақсатымыз.

3️⃣ “Алматы – таза қала” экосағат
🌿 Сабақтың соңында “Алматы – таза қала” экологиялық тақырыбы қозғалып, оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, тазалық сақтау мәдениеті туралы мағлұмат берілді

♻ Оқушылар қала тазалығы – әр тұрғынның ісі екенін түсініп, өз ауласы мен мектебі үшін жауапты болу жайында ой бөлісті.