Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2026 жылдың 27 наурызында Алматы қаласындағы №224 мектепте «Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептердің тәжірибесі» атты аймақтық конференция болып өтті.
27
март
2026

2026 жылдың 27 наурызында Алматы қаласындағы №224 мектепте «Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептердің тәжірибесі» атты аймақтық конференция болып өтті.

2026 жылдың 27 наурызында Алматы қаласындағы №224 мектепте «Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептердің тәжірибесі» атты аймақтық конференция болып өтті. 

Біздің мектептің ұжымы бұл ауқымды шараға белсене қатысып, өз жетістіктерімен бөлісті. Конференция аясында мектеп директоры Н.М.Алиев  бастаған бірқатар ұстаздарымыз мұғалімдердің кәсіби дамуы мен оқу сапасын арттыру бағытындағы құнды тәжірибелерін ортаға салды. 

Workshop сессияларындағы мазмұнды баяндамалар:
* Н.М.Алиев  пен А.Е.Абуова : «Lesson Study арқылы мектептің оқу үдерісін трансформациялау: Басшының бақылау және дамыту стратегиясы». 
* Ж.Ж.Тунгатова , И.Ж.Канабекова  және Ж.Р.Смагулова : «Оқушылардың ағылшын тіліндегі жаңа сөздерді контексте қолдану дағдыларын қалай арттыруға болады?». 
* Г.А.Ибраева мен А.Б.Шаймерденова: «Қызығушылықтан нәтижеге: тарих пәнін жобалық тапсырмалар арқылы тиімді оқыту». 
Сондай-ақ, көрме бөлімінде Амирханова А.Т, Бектұрған А.Ұ., Дауленова М.К., Мұхтархан Н.Б. және Батырбек А.С. өз жұмыстарын таныстырды. 
Бұл конференция – мұғалімдер үшін теориялық және практикалық алмасудың нағыз диалог алаңына айналды.