16
апрель
2026
Ата-аналар назарына! 🛑🛑🛑
Ата-аналар назарына! 🛑🛑🛑
Алматы қ. Білім басқармасының «№ 33 мектеп-лицей»КММ әкімшілігі 2025-2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4,9,11-сынып бітірушілеріне қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:
📌 Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады. Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру.
📌 Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
📌 Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруіне шығуға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға және басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді.
📌 Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға тыйым салынады.
✅ Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтап, тәртіпті, жауапкершілікті болу – әрбір оқушы үшін міндет.
⭕️Ескерту:
Аталған талаптар 4,9,11- сынып оқушылары мен ата-аналарына бірдей дәрежеде қатысты.
Бұл шектеулер – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.
🛑🛑🛑 Құрметті ата-аналар! Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай болмауларыңызды сұраймыз. Біз балаларға сапалы білім мен тәрбие беруді абыройлы міндет деп санаймыз.