18
май
2026
Сабақтастық – сапалы білім негізі
Сабақтастық – сапалы білім негізі
Бастауыш сыныптан орта буынға қадам басу – әрбір оқушының өміріндегі маңызды өтпелі кезеңдердің бірі. Осы орайда, балалардың жаңа ортаға жылдам әрі стрессіз бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында, мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Біздің білім ошағымыз жаратылыстану-математика бағытында білім беретіндіктен, бұл жолғы бақылау жұмыстары ең негізгі іргетас болып табылатын математика пәніне бағытталды. Тәжірибе алмасу аясында 4-сыныптың және орта буынның математика пәні мұғалімдері өзара тығыз іс-қимыл жасап, бағдарламалық сәйкестік пен әдістемелік сабақтастық мәселелерін пысықтады. Орта буын ұстаздары бастауыш сыныптардың сабақтарына қатысып, оқушылардың математикалық ойлау деңгейін, есеп шығару жылдамдығы мен пәнге деген ынтасын бағамдады. Бұл бірлескен жұмыс әр баланың бейімделу кезеңін жеңілдетуге арналған тиімді әдістемелік тәсілдерді анықтауға мүмкіндік берді. Сабақтастық жүйелі сақталғанда ғана білім сапасының артатыны анық, сондықтан болашақ жас ғалымдар мен математиктердің іргетасын бірге қалап жүрген ұстаздарымызға сәттілік тілейміз!
[media=https://youtube.com/shorts/JwjmnDnDuls]