11
сентябрь
2020
"Салиқалы Ұрпақ" қоғамдық қоры демеушілігімен ноутбук сыйға берілді!"
Еліміздегі білім беру тарихында тұңғыш рет жолға қойылып жатқан қашықтықтан білім беруді тиімді ұйымдастастыру мақсатында ел аумағында көптеген игі шаралар атқарылуда. Ағымдағы жылы Алматы қаласы Білім Басқармасы, Медеу аудандық білім бөлімі арқылы "Салиқалы Ұрпақ" қоғамдық қоры демеушілгімен мектебіміздің екі отбасына тегін ноутбуктер сыйға тартылды. Білім беру саласындағы сын сағатында бірлігі жарасқан ел ұрпағының бұл уақытша қиындықты да бірге еңсеретініне сеніміміз мол!