«Адал ұрпақ – мәңгілік елдің кепілі!» тақырыбында аудандық онлайн-конференция » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал ұрпақ – мәңгілік елдің кепілі!» тақырыбында аудандық онлайн-конференция
27
январь
2021

«Адал ұрпақ – мәңгілік елдің кепілі!» тақырыбында аудандық онлайн-конференция

Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе.
Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- барлығымыздың борышымыз. Осыған орай бүгін 27.01.2020ж күні Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Сапарова Ағайша Амировна және 33 мектеп-лицей тәлімгері Бектұрған Аяжан Ұланқызы мен ДТІЖО Қыдық Ақерке Алханбайқызының ұйымдастыруымен Медеу ауданы  мектептерінің ұланбасыларымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен «Адал ұрпақ – мәңгілік елдің кепілі!» тақырыбында аудандық онлайн-конференция өткізілді. Онлайн-конференцияда Медеу аудандық білім бөлімінің әдіскері Акылбаева Эльмира Нургазиновна сөз бастап конференцияның өткізілу барысымен таныстырды. Мектебіміздің «Адал ұрпақ» еріктілер клубының көшбасшысы Асанова Алсу жалпы мектептердегі «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмыс істеу мақсаты, міндеттері, ережелері мен бағыттары және мектепте қандай қызмет атқаратыны жөнінде ақпарат беріп, ұланбасыларына сұрақтар қойып жеке ойларын білдіруге шақырды. 
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының құрылу мақсаты-шәкірттерімізге  рухани адамгершілік және азаматтық — патриоттық тәрбие беру. Олардың бойында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру. Осы клуб жұмысы арқылы балаларды адамгершілігі мол, намысты азамат болуға, мемлекеттік мүлікті бүлдірмеуге, кісі ақысын жемеуге, ешкімнің ала жібін аттамауға тәрбиелейміз. Мемлекетіміздің болашағы саналатын мектебіміздің осындай белсенді оқушыларынан үлкен үміт күтеміз. Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген адал ұрпақ-Мәңгілік Елдің кепілі.