2020-2025 жылдарға арналған "Оқитын мектеп" жобасы! » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2020-2025 жылдарға арналған "Оқитын мектеп" жобасы!
02
февраль
2021

2020-2025 жылдарға арналған "Оқитын мектеп" жобасы!

Қазіргі таңда елімізде оқушы жастардың кітап оқымайтыны туралы жиі айтылатыны жасырын емес. Жалпы, оқушылар кітап оқымай ма, әлде мектеп оқушылары қызығып оқитын көркем әдебиеттер жоқ па деген сұрақтың да ойға оралатыны анық. Жас жеткіншектерді «кітап оқымайды» деп бекерге кінәлай бергенше олар қызығып оқитын кітаптарды көптеп шығарып, алыс ауылдардағы мектептерге таратудың маңызы зор. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды. Осыған орай, мектебімізде үлкен іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Жобаны одан әрі республикалық деңгейге дейін көтеріп, дамыту үшін тек қана оқушыларды емес барлық мектеп қызметкерлерінің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектеп кітапханашысы Айдаркулова Алма Оспаналиевна "Оқитын мектеп" жобасы жұмысын бастады. Жоба аясында бүгінгі күннен бастап мектепте жұмыс жасайтын барлық қызметкерлер, мұғалімдер, оқушылар қойылған белгілі бір уақыт аралығында өздеріне қызықты түрлі авторлардың кітаптарын оқитын болады. Мектебімізде 08:20-08:35 және 13:40-13:55 уақыт аралығы кітап оқу уақыты болып белгіленді.