8-наурыз Халықаралық әйелдер, аналар мерекесіне орай сынып сағаттары! » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-наурыз Халықаралық әйелдер, аналар мерекесіне орай сынып сағаттары!
02
март
2021

8-наурыз Халықаралық әйелдер, аналар мерекесіне орай сынып сағаттары!

Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Осы мерекеге орай мектебімізде 1-4 сыныптар арасында "Ай дидарлы Анашым!", 5-11 сыныптар арасында "Сыйынар ем, ана деген тәңірге!" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді! Мақсаты: Оқушыларға ата - ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы
қасиеттерді қалыптастыру.