Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 3
«Суды қорғайық»
29
апрель
2026
«Суды қорғайық»
Тақырыбы: «Суды қорғайық» Сыныбы: 1 «А» Күні:29.04.26 Сынып жетекшісі:Жансеркеева Г.Т Мақсаты: Оқушыларға судың маңызы туралы түсінік беру, суды үнемдеу және қорғау қажеттігін ұғындыру, табиғатқа деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. [media=https://youtube.com/shorts/fqYY9qhWXCk]
✨ 24.04 күні №33 мектеп-лицейінде бастауыш 1–4 сынып оқушыларына Алатау дәстүрлі өнер театры ұсынған «Әгугай мен Игигәй» музыкалық қойылымы өтті.
24
апрель
2026
✨ 24.04 күні №33 мектеп-лицейінде бастауыш 1–4 сынып оқушыларына
✨ 24.04 күні №33 мектеп-лицейінде бастауыш 1–4 сынып оқушыларына Алатау дәстүрлі өнер театры ұсынған «Әгугай мен Игигәй» музыкалық қойылымы өтті. 🎭 Қызықты әрі тәрбиелік мәні зор қойылым оқушыларға ерекше әсер сыйлап, олардың көңіл күйін көтерді. Балалар ертегі әлеміне еніп, кейіпкерлермен бірге қуанып, үлкен қызығушылықпен тамашалады. ✨ Көрермендер қойылымнан көтеріңкі көңіл күймен, жақсы әсер алып тарқасты. [media=https://youtu.be/9oCHhEJP78M]
Бүгін мекемемізде сейсмикалық қауіпсіздікке арналған жаттығу өткізілді. Қатысушыларға жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету жолдары көрсетіліп, эвакуация тәртібі пысықталды.
23
апрель
2026
Бүгін мекемемізде сейсмикалық қауіпсіздікке арналған жаттығу
Бүгін мекемемізде сейсмикалық қауіпсіздікке арналған жаттығу өткізілді. Қатысушыларға жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету жолдары көрсетіліп, эвакуация тәртібі пысықталды.  Сонымен қатар, алғашқы көмек көрсету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, төтенше жағдайда зардап шеккендерге жедел әрі дұрыс көмек көрсету дағдылары таныстырылды.  Мұндай іс-шаралар қауіпсіздікті арттырып, кез келген төтенше жағдайға дайын болуға көмектеседі. [media=https://youtube.com/shorts/qLquf8U5jyA]
Мектепте «Жігіт сұлтаны» байқауы жоғары деңгейде өтті. 👑 Бұл сайысқа бірнеше сыныптың белсенді, өнерлі оқушылары қатысып, өздерінің білімін, өнерін және жан-жақтылығын көрсетті.
22
апрель
2026
Мектепте «Жігіт сұлтаны» байқауы жоғары деңгейде өтті. 👑 Бұл сайысқа
Мектепте «Жігіт сұлтаны» байқауы жоғары деңгейде өтті. 👑 Бұл сайысқа бірнеше сыныптың белсенді, өнерлі оқушылары қатысып, өздерінің білімін, өнерін және жан-жақтылығын көрсетті. 🏆 Байқау қорытындысы бойынша 8 «Ә» сынып оқушысы Тасшабай Ерасыл бас жүлдені жеңіп алды! Ерасыл өзінің өнері, тапқырлығы және сахнадағы сенімділігімен ерекшеленіп, әділқазылардың жоғары бағасына ие болды. 👏 Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, мектебіміздің абыройын
Осындай сергіту сәттері оқушылардың шаршауын басып, жаңа күш пен жақсы көңіл-күй сыйлайды. ⚡️ Күндеріміз осындай қуанышты сәттерге толы болсын!
21
апрель
2026
Осындай сергіту сәттері оқушылардың шаршауын басып, жаңа күш пен
Осындай сергіту сәттері оқушылардың шаршауын басып, жаңа күш пен жақсы көңіл-күй сыйлайды. ⚡️ Күндеріміз осындай қуанышты сәттерге толы болсын! [media=https://youtube.com/shorts/176sKn5M0D0]
🌿 «Таза Қазақстан» акциясы аясында 💪 «Біз нашақорлыққа қарсымыз! Дені сау ұлт – дені сау ұрпақ!» атты жалпы қалалық іс-шараға қатыстық.
21
апрель
2026
🌿 «Таза Қазақстан» акциясы аясында 💪 «Біз нашақорлыққа қарсымыз! Дені
🌿 «Таза Қазақстан» акциясы аясында 💪 «Біз нашақорлыққа қарсымыз! Дені сау ұлт – дені сау ұрпақ!» атты жалпы қалалық іс-шараға қатыстық. Біздің оқу орнымыздың оқушылары қаладағы білім беру ұйымдарымен бірге бір мезетте біріңғай дене жаттығуларын орындап, салауатты өмір салтын қолдайтынын көрсетті. Осылайша, біз акцияға өз үлесімізді қостық! ✨ Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз! #ТазаҚазақстан #СалауаттыӨмірСалты #БізНашақорлыққаҚарсымыз #Алматы #ДеніСауҰлт
18.04.2026ж Алматы қаласы Медеу ауданының АӘжТД пәні мұғалімдері мен шамамен 78 оқушысы (10-11сыныптар) Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына экскурсияға барды.
18
апрель
2026
18.04.2026ж Алматы қаласы Медеу ауданының АӘжТД пәні мұғалімдері мен
18.04.2026ж Алматы қаласы Медеу ауданының АӘжТД пәні мұғалімдері мен шамамен 78 оқушысы (10-11сыныптар) Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына экскурсияға барды. Экскурсия барысында оқушыларға әскери техникалар, қару-жарақ түрлері, радиоэлектрондық құрал-жабдықтар, байланыс құрылғылары және ракеталық снарядтар таныстырылды. Сонымен қатар, институт өкілдері оқу орнына түсу талаптары мен мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат беріп, бұл оқу орнынан шыққан
Бүгін мектебімізде ерекше мазмұнды кездесу өтті. Қонағымыз – ұлт руханиятының жанашыры, қазақы тәлім-тәрбиені насихаттап жүрген ардақты жан, Зейнеп Ахметова.
17
апрель
2026
Бүгін мектебімізде ерекше мазмұнды кездесу өтті. Қонағымыз – ұлт
Бүгін мектебімізде ерекше мазмұнды кездесу өтті. Қонағымыз – ұлт руханиятының жанашыры, қазақы тәлім-тәрбиені насихаттап жүрген ардақты жан, Зейнеп Ахметова. Ата-аналармен өткен жүздесуде “Ұлттық тәрбие – ұлттық рухтың негізі” атты маңызды тақырып кеңінен қозғалды. Кездесу барысында ұлт болашағы – бала тәрбиесі екені, әрбір отбасының осы жолдағы жауапкершілігі терең түсіндірілді. Әсіресе, ене мен келін арасындағы сыйластық, отбасындағы тәрбие мен берекенің бастауы екені жайлы құнды ойлар
Бүгін мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған зияткерлік шоу жоғары деңгейде өтті 🎓✨
17
апрель
2026
Бүгін мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған
Бүгін мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған зияткерлік шоу жоғары деңгейде өтті 🎓✨ Бұл додада 9-сынып оқушылары өз білімдерін, логикасын және жылдам ойлау қабілеттерін сынады. Қызықты әрі тартысты өткен сайыстың нәтижесінде 9 «Ә» сынып оқушысы Тоқай Аружан жеңімпаз атанды 🏆 Қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз! Осындай шаралар оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, өздерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді. #мектеп #зияткерлікшоу #өзінөзібасқару
Бүгін мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті.
10
апрель
2026
Бүгін мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті.
Бүгін мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс алдында әр ата-ана пән мұғалімдерімен жеке кездесіп, өз баласының үлгерімі мен тәртібі жайлы толық ақпарат алды. Осындай кездесулер ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың дамуына оң әсерін тигізеді. Бірлесе жұмыс жасай отырып, балаларымыздың болашағына бірге үлес қосамыз! [media=https://youtube.com/shorts/gcyNqoojfYU]