17
апрель
2026
Бүгін мектебімізде ерекше мазмұнды кездесу өтті. Қонағымыз – ұлт руханиятының жанашыры, қазақы тәлім-тәрбиені насихаттап жүрген ардақты жан, Зейнеп Ахметова.

Ата-аналармен өткен жүздесуде “Ұлттық тәрбие – ұлттық рухтың негізі” атты маңызды тақырып кеңінен қозғалды. Кездесу барысында ұлт болашағы – бала тәрбиесі екені, әрбір отбасының осы жолдағы жауапкершілігі терең түсіндірілді. Әсіресе, ене мен келін арасындағы сыйластық, отбасындағы тәрбие мен берекенің бастауы екені жайлы құнды ойлар айтылды.
Әрбір сөзінен өмірлік тәжірибе мен даналықтың лебі сезіліп, көпшілікке ой салған бұл кездесу барша ата-ана үшін үлкен тағылым болды.
Ұлттық рухымыз биік, тәрбиеміз терең болсын!
[media=https://youtube.com/shorts/4a7-0RqBteU]