Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 66
Бастауыш сыныптар арасында өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев оқулары
11
февраль
2020
Бастауыш сыныптар арасында өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев оқулары
Алматы қаласы Медеу аудандық бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген ақиық ақын Мұқағали Мақатаев оқуларында өлеңді мәнерлеп жатқа оқумен, сахна мәдениетін сақтауымен, ерекше дарынымен көзге түскен мектебіміздің 2 "Б" сынып оқушысы Майдан Аймауыт І-орынмен, 1 "А" сынып оқушысы Елубай Дидар ІІ-орынмен, 3 "Ә" сынып оқушысы Қоблан Ақнұр ІІІ-орынмен марапатталды! Құттықтаймыз! 
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық" атты жаратылыстану-математика әдістеме-бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты
10
февраль
2020
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық" атты
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық" атты жаратылыстану-математика әдістеме-бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты болды. Онкүндік барысында түрлі жарыстар мен ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар болатындығын хабарлап, оқушыларды белсене қатысуға шақырды.
"Тапқыр болсаң-талас жоқ" танымдық сайыс
06
февраль
2020
"Тапқыр болсаң-талас жоқ" танымдық сайыс
Мектебімізде 3 сыныптар арасында "Тапқыр болсаң-талас жоқ" тақырыбында танымдық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін шығармашылық тұрғыда дамыту ұйымшыл болуға бір-бірінің ойын тыңдай білуге және тәжірибе алмасуға үйрету.  
"Үкілі Үміт" атты Халықаралық өнер фестивалі
03
февраль
2020
"Үкілі Үміт" атты Халықаралық өнер фестивалі
Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы құрметіне арналып өткізілген "Үкілі Үміт" атты Халықаралық өнер фестивалінде үздік өнер көрсетіп 1 "А" сынып оқушылары Исламова Жансая мен Әбдібай Айсұлтан Бас жүлдені жеңіп алды! Жеңімпаздарды дайындағаны үшін сынып жетекшісі Есмаханова Нағима Амантаевна алғыс хатымен марапатталды! 
Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы
27
январь
2020
Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы
Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы құрметіне арналған "Өмір және Өркениет" ғылыми практикалық конференциясындағы мазмұнды ғылыми баяндамалары үшін мектебіміздің оқушылары диплом марапаттарға ие болды! Атаулы конференцияда 10 "А" сынып оқушылары Асқарұлы Самғар мен Дүйсен Думан І-орынды иеленсе Айтқұл Мадина жүлделі ІІ-орынды иеленді. 8 "Ә" сынып оқушысы Ербулат Айбек конференцияда ғылыми баяндама дайындап І-орын иегері атанды! Оқушыларымызға жеңістеріңіз құтты болсын, алар асуларыңыз көп
"Мен OFFLINE"
25
январь
2020
"Мен OFFLINE"
Алматы қаласы Медеу ауданы №33 мектеп-лицей 2020 жылы 22 қаңтар халықаралық интернетсіз күніне арналған "Мен OFFLINE" Республикалық кең ауқымды балалар акциясының тұжырымдамасы негізінде 5-11 сыныптар аралығында "Мен OFFLINE" тақырыбында эссе жазу байқауы болып өтті! Байқау мақсаты: Жасөспірімдердің интернет белсенділігін бақылауға қатысты жауапкершілігін, мәдениетін арттыру. 
Алматы қаласы бойынша таэквондодан ашық турнир
24
январь
2020
Алматы қаласы бойынша таэквондодан ашық турнир
12-14 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы таэквондодан Алматы қаласының ашық турнирінде 6 "А" сынып оқушысы Төлегенов Дамир ІІ-орынды жеңіп алды! Жеңісің құтты болсын Дамир! Спорт саласында биік шыңдарды бағындырады деп сенеміз! 
"Менің ғаламторсыз бір күнім"
23
январь
2020
"Менің ғаламторсыз бір күнім"
Алматы қаласы Медеу ауданы №33 мектеп-лицей 2020 жылы 22 қаңтар Халықаралық интернесіз күніне арналған "Мен OFFLINE" Республикалық кең ауқымды балалар акциясының тұжырымдамасы негізінде 1-4 сыныптар аралығында "Менің ғаламторсызбір күнім" тақырыбында сурет салу байқауы болып өтті! Байқауға барлық бастауыш сыныптары белсене атсалысты! 
"Адалдық сағаты"
17
январь
2020
"Адалдық сағаты"
Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің хатына сәйкес 2020 жылдың 17 қаңтарында мектебімізде 5-11 сыныптар арасында "Адалдық сағаттары" өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақ бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру!
Президент шыршасы
26
декабрь
2019
Президент шыршасы
25.12.2019ж. күні Медеу ауданының әкімі әсем безендірілген шыршаны өз қолымен жағып, бүлдіршіндерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Оқушылардың құрметіне ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған қойылым сахналанды. Мереке соңында бүлдіршіндерге аудан әкімі атынан дайындалған арнайы сыйлықтар табысталды. Медеу аудандық қала әкімдігіне үлкен алғысымызды білдіреміз!