Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 65
"Қашықтықтан оқыту"
01
апрель
2020
"Қашықтықтан оқыту"
COVID-19 короновирусының таралуының алдын алу мақсатында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында: "6 сәуірден бастап барлық орта білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға ауыстыру туралы" хабарланған. 1 сәуірде Қазақстанның барлық мектептері қашықтықтан оқыту бойынша сынама сабақ өткізеді деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде мәлімдеді. Осыған байланысты мектебіміздің 0-11 сынып
"Ұлы Абайға 175 жыл" қашықтықтан байқау
24
март
2020
"Ұлы Абайға 175 жыл" қашықтықтан байқау
ZERDELI - Интеллектуалды білім порталының ҚР дарынды оқушылар арасында өткізілген "Ұлы Абайға 175 жыл" байқауына қатысып, шығармашылығымен талантымен, алғырлығымен мектебіміздің 9 "Б" сынып оқушылары Сағат Томирис пен Садуақасова Аружан І-орын және 9 "А" сынып оқушысы Серік Айғаным тағы да  І- орынды иеленді. Қашықтықтан өткізілген байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Алғыс айту күніне байланысты мерекелік концерт "Менің шұғылалы әлемім"
28
февраль
2020
Алғыс айту күніне байланысты мерекелік концерт "Менің шұғылалы әлемім"
Алғыс айту күні-қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні. Алғыс айту қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады. Осы атаулы күнге орай мектебіміздің 5 "Ә" сынып оқушылары "Менің шұғылалы әлемім" тақырыбында концерт өткізді! Мұғалімдеріміз
4-сыныптар арасында сыныптан тыс квест-сайыс
26
февраль
2020
4-сыныптар арасында сыныптан тыс квест-сайыс
"Ғаламтордың пайдасы мен зияны" тақырыбында 4-сыныптар арасында сыныптан тыс квест-сайыс өткізілді. Мақсаты: Балалардың бойында ғаламтор желісі туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру. Ғаламтор желісін пайдалы әрекеттерге пайдалануға баулу, ғаламтордың пайдалы және зиянды жақтарын ажырата білуге үйрету!
"Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл" аясында өткізілетін тарихи кеш!
25
февраль
2020
"Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл" аясында өткізілетін тарихи кеш!
21.02.2020ж. күні мектебіміздің 8 "Ә" және 8 "Б" сынып оқушылары С.Бегалин атындағы қалалық балалар кітапханасында сағат 14:00-де "Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл" тақырыбы аясында өткізілген тарихи кешке қатысты. Оқушыларымыз тарихи кеште сұрақтар қойып, өздеріне маңызды ақпарат алып, белсене ат салысты! 
Қалалық Мұқағали Мақатаев өлеңдерін оқу сайысынан
22
февраль
2020
Қалалық Мұқағали Мақатаев өлеңдерін оқу сайысынан
Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастырыумен өткен Мұқағали Мақатаев өлеңдерін оқу сайысынан мектебіміздің 2 "Б" сынып оқушысы Майдан Аймауыт жүлделі ІІ-орынды жеңіп алды! Жетекшісі мектебіміздің тәжірибелі ұстазы Қордабаева Анар апайды шәкіртінің жеңісімен құттықтаймыз! Жарайсың Аймауыт! Болашағыңыздан зор үміт күтеміз! 
Үш тілде оқыту бағдарламасына сәйкес сыныптан тыс квест-сайыс
19
февраль
2020
Үш тілде оқыту бағдарламасына сәйкес сыныптан тыс квест-сайыс
"Жеті құпия" тақырыбында үш тілде оқыту бағдарламасына сәйкес сыныптан тыс квест-сайыстан үзінді суреттер. Үш тілділік заман талабы десек талапқа сай шыңдалған шәкірттеріміз көп болсын!
Аудандық қыздар арасындағы волейболдан жарыс
14
февраль
2020
Аудандық қыздар арасындағы волейболдан жарыс
Медеу аудандық қыздар арасында өткізілген волейболдан, мектебіміздің қыздар құрамасы топ жарып ІІ-орынға ие болды! Құттықтаймыз! 
"Жырлайды жүрек"
12
февраль
2020
"Жырлайды жүрек"
Қазақ поэзисының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту мақсатында бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 89 жылдығына арналған "Жырлайды жүрек" атты мектепшілік көркемсөз оқу сайысы өткізілді! 
Мұқағали Мақатаевтың 89 жылдығына арналған "Жырлайды жүрек" атты көркемсөз оқу сайысы
11
февраль
2020
Мұқағали Мақатаевтың 89 жылдығына арналған "Жырлайды жүрек" атты
Мұқағали Мақатаевтың 89 жылдығына арналған "Жырлайды жүрек" атты мектепшілік көркемсөз оқу сайысының қортындысы бойынша оқушыларымыз жүлделі орындармен марапатталды! Құттықтаймыз!