ТЖБ тапсыратын уақыт! » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ТЖБ тапсыратын уақыт!
02
ноябрь
2020

ТЖБ тапсыратын уақыт!

Тоқсанның соңы : ТЖБ тапсыратын уақыт 

🔶 Міне , оқу жылының бірінші тоқсаны аяқталуға жақын , демек , оқушылардың БЖБ және ТЖБ бағалау көрсеткіштері негізінде тоқсандық бағалар қойылатын кез де келіп жетті . 

🔶 Естеріңізге сала кетейік , 2-11 сыныптарда тоқсан бойынша жиынтық бағалау 2020 жылдың 28 қазанында басталады . Коронавирустық инфекцияға байланысты оқу жетістіктерін бағалау жүйесіне бірінші тоқсанда өзгерістер енгізілді . Пәндер мен сыныптар бойынша жиынтық бағалау өткізуге қатысты ұсыныстар төменде берілген . 

- ТЖБ құрастыру кезінде балл саны көрсетілген пәндер бойынша ерекшелікке назар аудару қажет . Мұғалім өткен материал негізінде ТЖБ тапсырмаларын өз бетінше құрастырады . 

- тілдік пәндер бойынша тоқсандық жиынтық бағалауда айтылым және тыңдалым дағдыларын тексеруді талап ететін оқыту мақсаттары кірмейді . Бұл ретте жазу және оқу дағдылары үшін ең жоғары балл 15 баллды құрайды . 

- ТЖБ үшін балл қою кезінде мұғалім электрондық журналда ең жоғары баллды өзі белгілейді , ал жүйе пайыздық қатынаста қорытынды бағаны берілген ең жоғары балл негізінде есептейді . Сондықтан , егер сынып кезекші тобына және қашықтықтан білім алушыларға бөлінсе , бұл жағдайда екі дағды таңдалып тапсырмалар бүкіл сынып үшін дайындалады . 

Тілдік пәндер бойынша толық штаттық режимде оқитын мектептерде жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша жүргізіледі ( тыңдалым ( тыңдау ) , айтылым , оқылым , жазылым ) . Тыңдалым ( тыңдау ) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған апта бойы сабақтарда өткізіледі .
 Оқушыларымыз бен мұғалімдерімізге сәттілік!!! 
🧑🏻‍🏫👩‍💻🧑‍💻🗒📚📕🗂✏️📝