“Абай әлемі” атты Абай өлеңдерін оқу байқауы “Бас жүлде” » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Абай әлемі” атты Абай өлеңдерін оқу байқауы “Бас жүлде”
19
ноябрь
2020

“Абай әлемі” атты Абай өлеңдерін оқу байқауы “Бас жүлде”

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге, —

деп қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, Абайды оқу, оның асыл мұрасын өскелең ұрпаққа жеткізу — ортақ парыз. Осы орайда Абай Құнанбаевтың шығармаларын жас буын арасында насихаттау, ақынның қара сөздері мен өлеңдерінде айтылған асыл қасиеттерді олардың бойына сіңіру мақсатында елімізде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерекесіне арналған “Абай әлемі” атты Абай өлеңдерін оқу байқауының аудандық кезеңінде мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сердалиева Жансая Мұхтарқызы “Бас жүлде” орынына ие болды! Абай өлеңін үш тілде мәнеріне келтіріп орындап, Медеу ауданы сайыскерлерінің арасынан қалалық кезеңге жолдама алған ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз! 👏🏻👏🏻👏🏻💐💐💐