30
январь
2026
Бүгін мектебімізде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен арнайы шақыртумен келген PhD докторы Бақытжан Елдана Ғалымжанқызы және х.ғ.қ., қауымдастырылған профессор Керимкулова Мөлдір Жадраевнамен 10–11 сынып оқушыларына арналған кездесу өтті
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ІС-ШАРАСЫ! Бүгін мектебімізде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен арнайы шақыртумен келген PhD докторы Бақытжан Елдана Ғалымжанқызы және х.ғ.қ., қауымдастырылған профессор Керимкулова Мөлдір Жадраевнамен 10–11 сынып оқушыларына арналған кездесу өтті.
Кездесу тақырыбы: «Сапалы білім — тұрақты дамудың негізі» Кездесу барысында химия-биология және химия-физика бағытындағы мамандықтар туралы кеңінен ақпарат берілді. Оқушылар:
осы бағыттар бойынша қандай мамандықтар барын
университетте ұсынылатын мүмкіндіктерді
ғылыми-зерттеу жұмыстары мен болашақта атқаруға болатын қызмет түрлерін
факультеттегі оқу және даму жолдарын білді Сондай-ақ, түрлі тақырыптар қозғалып оқушылармен ашық пікір алмасу жүргізіліп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Кездесу жас түлектерге мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуға үлкен септігін тигізді.[media=https://youtu.be/bLI90D2VDww]