02
февраль
2026
Маңызды кездесу – үлкен тәжірибе!
Маңызды кездесу – үлкен тәжірибе! ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Мәжитұлы Әбдіровтың Алматы қаласы жас сайлаушылар клубтарының мүшелерімен өткен кездесуіне №33 мектеп-лицейінің мектеп Президенті Дүйсенбек Абдулхафиз қатысып қайтты. Бұл кездесу азаматтық жауапкершілік, көшбасшылық пен қоғамдық белсенділікті арттыруға бағытталған маңызды алаң болды. Осындай тағылымды кездесулер жас көшбасшыларға үлкен тәжірибе мен мотивация береді. Болашақта ел игілігі жолында қызмет ететін жас ұрпақтың қадамы нық болсын!