Мектебімізде 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыруға арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бұл күн – мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше әрі есте қаларлық маңызды сәттердің бірі болды.
Мектебімізде 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыруға арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бұл күн – мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше әрі есте қаларлық маңызды сәттердің бірі болды.
Салтанатты кеш барысында түлектерге жалпы орта білім туралы аттестаттар табысталып, оқу озаттары мен мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. Мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен ата-аналар түлектерге ақжарма тілектерін білдіріп, болашақ өмір жолында табыс, сәттілік және биік жетістіктер тіледі.
Түлектер өз кезегінде мектеп қабырғасында алған білімдері мен тәрбиелері үшін ұстаздарына алғыстарын айтып, әсерлі естеліктерімен бөлісті. Әсем әндер мен шығармашылық қойылымдар кештің сәнін келтіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бұл салтанатты кеш түлектердің мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан жарқын белесі ретінде көпшіліктің жадында ұзақ сақталары сөзсіз.
Түлектерімізге ақ жол тілейміз! Жаңа өмір белестерін бағындырып, ел болашағына үлес қосатын азаматтар болуларына тілектеспіз. 🎓✨