Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 60
Мектеп кітапханасына саяхат!
20
октябрь
2020
Мектеп кітапханасына саяхат!
Мектебімізде кезекші сыныптарда білім алып отырған 1- сынып оқушылары мектеп кітапханасына саяхат жасады! Көптеген ақын жазушылардың кітаптарымен, шығармаларымен танысып өз қызығушылықтарын білдірді. Түрлі әдеби шығармаларға ертегілерге толы кітаптарға қызыға қарап өздері білетін ертегілерін айтып тақпақтарымен бөлісті! Оқушыларымыздың кітапқа аса қызығушылықпен қарайтыны қуантады!
Қарттар күніне байланысты айлық жалғасын табуда!
16
октябрь
2020
Қарттар күніне байланысты айлық жалғасын табуда!
Қарттар күніне байланысты айлық жалғасын табуда! Мектеп психологы Ташметова Сандуғаш Ошақбаевна 10 “А” сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Бекеева Айнур Утепбергеновнаның ұйымдастыруымен Бекишева Малика Саутовна апайымызға барып мерекесіне орай сыйлық тапсырып құттықтады!
Қалалық кезеңге жолдама алды
13
октябрь
2020
Қалалық кезеңге жолдама алды
Аудандық балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша балалар өкілдіктерін сайлау байқауында мектебіміздің 10 “Б” сынып оқушысы Асанова Алсу 28 мектептің ішінен бас жүлдені жеңіп алып  қалалық кезеңге жолдама алды!  Құттықтаймыз💐💐💐
Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев мырзаның алғыс хатымен марапатталды!
07
октябрь
2020
Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев мырзаның алғыс хатымен
Білім саласында өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі жоғарғы көрсеткіштері мен жемісті еңбегі үшін мектебіміздің биология пәні мұғалімі, білікті ұстаз Ашимхан Ұлжан Әуесханқызы Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев мырзаның және “Ұстаз” кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен марапатталды! Құттықтаймыз 💐💐💐
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігіне орай ашық сабақтар
03
октябрь
2020
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігіне орай ашық сабақтар
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігіне байланысты қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен ашық сабақтар өткізілді! 
"Үш тілділік заман талабы" тақырыбында эссе байқауы
02
октябрь
2020
"Үш тілділік заман талабы" тақырыбында эссе байқауы
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігіне орай “Үш тілдік заман талабы” тақырыбында оқушыларымыз эссе жазуда!
"Салиқалы Ұрпақ" қоғамдық қоры демеушілігімен ноутбук сыйға берілді!"
11
сентябрь
2020
"Салиқалы Ұрпақ" қоғамдық қоры демеушілігімен ноутбук сыйға берілді!"
Еліміздегі білім беру тарихында тұңғыш рет жолға қойылып жатқан қашықтықтан білім беруді тиімді ұйымдастастыру мақсатында ел аумағында көптеген игі шаралар атқарылуда. Ағымдағы жылы Алматы қаласы Білім Басқармасы, Медеу аудандық білім бөлімі арқылы "Салиқалы Ұрпақ" қоғамдық қоры демеушілгімен мектебіміздің екі отбасына тегін ноутбуктер сыйға тартылды. Білім беру саласындағы сын сағатында бірлігі жарасқан ел ұрпағының бұл уақытша қиындықты да бірге еңсеретініне сеніміміз мол!
Алғыс хатымен марапатталды!
04
сентябрь
2020
Алғыс хатымен марапатталды!
Егеменді еліміздің білім беру саласындағы жас ұрпақтың жарқын болашағы жолында рухани және әлеуметтік дамуына қосқан үлесі мен, жастар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастырып, қоғам мен мемлекет алдындағы бұқаралық спортты кеңінен насихаттау және дамыту ісіндегі елеулі еңбектері үшін Алматы қаласы білім басқармасы қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибесі бөлімі дене шынықтыру пәні мұғалімі Қожанов Асқат Сәрсемқанұлына алғыс білдіреді!
Білім және Ғылым министрлігі "АЛҒЫС" білдірді.
27
август
2020
Білім және Ғылым министрлігі "АЛҒЫС" білдірді.
Ұлы Абай: "...Еңбегің кетпес далаға",- деп, қазақтың ұлы тұлғалары: "Алты Алаш бас қосса, төрдегі орын - мұғалімдікі", "Ұстаз - ұлы есім", деп - шынайы бағасын берген,  Песталоцци айтқандай: "Күн астындағы ең құрметті мамандық" иелері Ұстаздар үшін бүгін ұжымымызда аса қуанышты күн болды.  Мемлекет үшін,  мұғалім қадірін бағалай алмаса, ол -  қоғамның өзінің кемтарлығы. Табиғатынан Ұстаз болып жаралған, жүрегіне Алланың сəулесі ұялаған  талантты мұғалімдерді бəрібір ешкім аласарта
І Республикалық "Кемеңгер Ұстаз" олимпиадасы
16
май
2020
І Республикалық "Кемеңгер Ұстаз" олимпиадасы
Республикалық қашықтықтан олимпиада сайты Қазақ тілі пәнінен ұйымдастырылған онлайн олимпиададан мектебіміздің білікті ұстазы Сүлейменова Жазира Онласыновна І - дәрежелі дипломмен марапатталды! Darin.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған І Республикалық "Кемеңгер Ұстаз" олимпиадасына қатысып ІІІ - дәрежелі дипломмен марапатталды! Құттықтаймыз 💐