Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Ұстаз” кәсіподақ ұйымы Медеу ауданы мұғалімдерінің ішінен белсенді, ұстаздық жолында жан-жақты мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып жүрген ұстаздарға жаңа ноутбук сыйға тартты!
27
август
2020
“Ұстаз” кәсіподақ ұйымы Медеу ауданы мұғалімдерінің ішінен белсенді,
Жаңа оқу жылының басталуына орай Алматы қалалық “Ұстаз” кәсіподақ ұйымы Медеу ауданы мұғалімдерінің ішінен белсенді, ұстаздық жолында жан-жақты мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып жүрген ұстаздарға жаңа ноутбук сыйға тартты! Мектеп ұстаздарына қолдау білдіріп жатқан “Ұстаз” кәсіподақ ұйымына мектеп әкімшілігі және информатика пәнінің мұғалімі, білікті ұстазымыз Шолпан Жұмағазықызының атынан алғысымызды білдіреміз! 
Білім және Ғылым министрлігі "АЛҒЫС" білдірді.
27
август
2020
Білім және Ғылым министрлігі "АЛҒЫС" білдірді.
Ұлы Абай: "...Еңбегің кетпес далаға",- деп, қазақтың ұлы тұлғалары: "Алты Алаш бас қосса, төрдегі орын - мұғалімдікі", "Ұстаз - ұлы есім", деп - шынайы бағасын берген,  Песталоцци айтқандай: "Күн астындағы ең құрметті мамандық" иелері Ұстаздар үшін бүгін ұжымымызда аса қуанышты күн болды.  Мемлекет үшін,  мұғалім қадірін бағалай алмаса, ол -  қоғамның өзінің кемтарлығы. Табиғатынан Ұстаз болып жаралған, жүрегіне Алланың сəулесі ұялаған  талантты мұғалімдерді бəрібір ешкім аласарта
Білім және Ғылым министрлігі "АЛҒЫС" білдірді!
25
август
2020
Білім және Ғылым министрлігі "АЛҒЫС" білдірді!
Ұлы Абай: "...Еңбегің кетпес далаға",- деп, қазақтың ұлы тұлғалары: "Алты Алаш бас қосса, төрдегі орын - мұғалімдікі", "Ұстаз - ұлы есім", деп - шынайы бағасын берген,  Песталоцци айтқандай: "Күн астындағы ең құрметті мамандық" иелері Ұстаздар үшін бүгін ұжымымызда аса қуанышты күн болды.  Мемлекет үшін,  мұғалім қадірін бағалай алмаса, ол -  қоғамның өзінің кемтарлығы. Табиғатынан Ұстаз болып жаралған, жүрегіне Алланың сəулесі ұялаған  талантты мұғалімдерді бəрібір ешкім аласарта
"Рухани жаңғыру: Қазақстан жетістіктері өскелең ұрпақ көзімен" атты республикалық байқау
30
май
2020
"Рухани жаңғыру: Қазақстан жетістіктері өскелең ұрпақ көзімен" атты
Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған "Рухани жаңғыру: Қазақстан жетістіктері өскелең ұрпақ көзімен" атты республикалық байқауға қатысып мектебіміздің география пәні мұғалімі, білікті ұстаз Қарағабаева Ләззат Төлеуқызы І дәрежелі дипломмен марапатталды!  Халықаралық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналға "Рухани жаңғыру-Қазақстан қоғамына сай құбылыс" атты мақаласы жарияланды! Ләззат Төлеуқызын жеткен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз 💐 Шығармашылық табыс
Қалалық Мұқағали Мақатаев өлеңдерін оқу сайысынан
22
февраль
2020
Қалалық Мұқағали Мақатаев өлеңдерін оқу сайысынан
Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастырыумен өткен Мұқағали Мақатаев өлеңдерін оқу сайысынан мектебіміздің 2 "Б" сынып оқушысы Майдан Аймауыт жүлделі ІІ-орынды жеңіп алды! Жетекшісі мектебіміздің тәжірибелі ұстазы Қордабаева Анар апайды шәкіртінің жеңісімен құттықтаймыз! Жарайсың Аймауыт! Болашағыңыздан зор үміт күтеміз! 
Бастауыш сыныптар арасында өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев оқулары
11
февраль
2020
Бастауыш сыныптар арасында өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев оқулары
Алматы қаласы Медеу аудандық бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген ақиық ақын Мұқағали Мақатаев оқуларында өлеңді мәнерлеп жатқа оқумен, сахна мәдениетін сақтауымен, ерекше дарынымен көзге түскен мектебіміздің 2 "Б" сынып оқушысы Майдан Аймауыт І-орынмен, 1 "А" сынып оқушысы Елубай Дидар ІІ-орынмен, 3 "Ә" сынып оқушысы Қоблан Ақнұр ІІІ-орынмен марапатталды! Құттықтаймыз! 
Ғылыми жобалар сайысы
10
февраль
2020
Ғылыми жобалар сайысы
Халықаралық бейбітшілік әлемі білім беру орталығы ғылыми жобалар сайысынан мектебіміздің 10 "А" сынып оқушысы Сиқым Ұлту мен 8 "!Ә" сынып оқушысы Әсен Жандос І-орынды жеңіп алды! Құттықтаймыз! 
Алматы қаласы бойынша таэквондодан ашық турнир
24
январь
2020
Алматы қаласы бойынша таэквондодан ашық турнир
12-14 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы таэквондодан Алматы қаласының ашық турнирінде 6 "А" сынып оқушысы Төлегенов Дамир ІІ-орынды жеңіп алды! Жеңісің құтты болсын Дамир! Спорт саласында биік шыңдарды бағындырады деп сенеміз! 
"Ғұмырдария - 2019"
13
январь
2020
"Ғұмырдария - 2019"
Республикалық балалар және жасөспірімдер "Ғұмырдария - 2019" байқауында мәнерлеп оқу сайысынан мектебіміздің 4 "А" сынып оқушысы Бақтыгереева Гүлнар ІІ-орынды жеңіп алды. "Ұстазы таланттының-шәкірті талапты" демекші, сынып жетекшісі Рустемова Жанар Нугмаровнаны шәкіртінің жеңісімен құттықтап, толағай табыстар тілей отырып, Гүлнарға "Талабыңа нұр жаусын, шығар шыңың әрқашан биік болсын!" демекпіз! 
"Ғасырлар үні" атты ән-би байқауы
25
декабрь
2019
"Ғасырлар үні" атты ән-би байқауы
Алматы қаласы оқушылар сарайы Қалалық дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы "Ғасырлар үні" атты ән-би байқауында көркемсөз номинациясы бойынша №33 мектеп-лицей 4 "А" сынып оқушысы Бақтыгереева Гүлнар бас жүлдені жеңіп алды! Гүлнарды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Бағындырар биіктерің шығар шыңдарың биік болсын!