Жыл қорытындысы – жаңа белестердің бастауы!
Жыл қорытындысы – жаңа белестердің бастауы! Сәтті аяқталған оқу жылының соңғы қоңырау салтанатынан кейін мектебіміздің әкімшілік ұжымы кеңейтілген отырыс өткізді. Буын бекітіп, бел жазған бұл басқосу өткенге есеп беріп, болашаққа бағдаршам орнататын маңызды сәт болды. Жиын барысында өткен оқу жылындағы жетістіктеріміз сараланып, оқушыларымыздың олимпиадалар мен жобалардағы жеңістері, мұғалімдеріміздің кәсіби байқаулардағы табыстары мен білім сапасының көрсеткіштері жан-жақты талданды. Әрбір