Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 55
“Жеке бас гигиенасы” тақырыбында дәріс оқып, сұхбат жүргізілді!
10
февраль
2021
“Жеке бас гигиенасы” тақырыбында дәріс оқып, сұхбат жүргізілді!
Мектеп медбикесі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қыдық Ақерке Алханбайқызының ұйымдастыруымен мектебіміздің 9-11 сынып қыздары арасында гинеколог дәрігер Гауһар Мұхтархановнаның қатысуымен “Жеке бас гигиенасы” тақырыбында дәріс оқып, сұхбат жүргізілді! Гинеколог қыздарға өздерін мазалап жүрген сұрақтары болса жеке кеңес сұрауға да болатындығын айтып маңызды сұрақтар бойынша өз кеңесін айтты.
“Жақсыға қарасаң жаның жадырайды” тақырыбында ашық сабақ өткізілді!
09
февраль
2021
“Жақсыға қарасаң жаның жадырайды” тақырыбында ашық сабақ өткізілді!
“Махаббат пен шығармашылық” педагогикасы өзін-өзі тану пәнінің онкүндігіне байланысты Серикова Балжан Сайранқызы 1 “Ә” сынып оқушыларымен “Жақсыға қарасаң жаның жадырайды” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: жас бүлдіршіндерді жақсылық жасауға, мейірімділікке, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
“Мейірім төгетін ана” атты көрме ұйымдастырылды!
08
февраль
2021
“Мейірім төгетін ана” атты көрме ұйымдастырылды!
Мектебімізде “Өзін-өзі тану махаббат пен шығармашылық педагогикасы” тақырыбында өтетін өзін-өзі тану пәнінің онкүндігіне байланысты мектеп кітапханасында “Мейірім төгетін ана” атты көрме ұйымдастырылды. Көрмемен 2 сынып оқушылары таныстырылды. Мақсаты: адам өзін рухани жетілдіру үшін, өзін-өзі танып білуі үшін кітаппен дос болу керек екендіктерін түсіндіру.
"Зерделі ақыл-ой дамыту орталығы" және №33 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен өткен олимпиадаІ
05
февраль
2021
"Зерделі ақыл-ой дамыту орталығы" және №33 мектеп-лицейінің
Алматы қаласы "Зерделі ақыл-ой дамыту орталығы" және №33 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен өткен 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен "Алтын сақа" олимпиадасына мектебіміздің 5-сынып оқушылары белсене қатысып Чайбек Нұрболат І-орын, Ерікқызы Амина, Чакмак Ерланбек, Бесқарабай Нарұл ІІ-орын, Шералхан Ұлсезім, Ербулат Асия, Толегенов Керім, Айтқұл Сымбат, Дүйсенбек Абдулхафиз, Шәріп Жан, Елеу Рамазан ІІІ-орын, Ысқақбек Жалғас, Мұхтар Айым, Рысқұл Алдияр, Тұрсынғазы Қайсар IV-орындарды
Байланыс телефондарының өзгеруіне байланысты хабарлама!
05
февраль
2021
Байланыс телефондарының өзгеруіне байланысты хабарлама!
Назар аударыңыз! Құрметті сайт қолданушылары сіздерге ағымдағы жылдың 05.02 - күнінен бастап мектебіміздің байланыс телефондары өзгергенін хабарлаймыз!  Қабылдау бөлімі: 2366123 Мектеп директоры: 2366229
"Зерделі ақыл-ой дамыту орталығы" және №33 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен өткен олимпиада жеңімпаздары!
04
февраль
2021
"Зерделі ақыл-ой дамыту орталығы" және №33 мектеп-лицейінің
Алматы қаласы "Зерделі ақыл-ой дамыту орталығы" және №33 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен өткен 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен "Алтын сақа" олимпиадасына мектебіміздің 6-сынып оқушылары белсене қатысып Юксель Гульсина І-орын, Иманали Саида ІІ-орын, Мажид Айару, Еркінбек Аяна ІІІ-орындарды иеленді! Пән мұғалімдері: Мектебіміздің математика пәнінің мұғалімдері Сагындыков Темірбек Нұргазыұлы мен Мирамбек Алтын Мирамбекқызы. Құттықтаймыз!!!
"Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл!"
04
февраль
2021
"Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл!"
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады. Мемлекет басшысы былтырғы қазан айының 22-і күні ұйымдастырылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында биылғы жаңа жыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы атауымен айрықша атап өтілетіндігін айтқан болатын.  – Бұл – өткен жолымызды зерделеуге жақсы мүмкіндік. Мерейтой саяси-экономикалық реформалар, цифрландыру, балалар мен мүгедектердің құқығын қорғау, экология мәселесін шешу аясында
2020-2025 жылдарға арналған "Оқитын мектеп" жобасы!
02
февраль
2021
2020-2025 жылдарға арналған "Оқитын мектеп" жобасы!
Қазіргі таңда елімізде оқушы жастардың кітап оқымайтыны туралы жиі айтылатыны жасырын емес. Жалпы, оқушылар кітап оқымай ма, әлде мектеп оқушылары қызығып оқитын көркем әдебиеттер жоқ па деген сұрақтың да ойға оралатыны анық. Жас жеткіншектерді «кітап оқымайды» деп бекерге кінәлай бергенше олар қызығып оқитын кітаптарды көптеп шығарып, алыс ауылдардағы мектептерге таратудың маңызы зор. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта
«Адал ұрпақ – мәңгілік елдің кепілі!» тақырыбында аудандық онлайн-конференция
27
январь
2021
«Адал ұрпақ – мәңгілік елдің кепілі!» тақырыбында аудандық
Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- барлығымыздың борышымыз. Осыған орай бүгін 27.01.2020ж күні Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Сапарова Ағайша Амировна және 33 мектеп-лицей тәлімгері Бектұрған Аяжан Ұланқызы мен ДТІЖО Қыдық Ақерке Алханбайқызының ұйымдастыруымен Медеу ауданы  мектептерінің
Қоғамдық-эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігіне орай ашық сабақтар!
22
январь
2021
Қоғамдық-эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігіне орай ашық
Қоғамдық-эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігіне орай өзін-өзі тану пәнінен Қыдық Ақерке Алханбайқызы “Адами қарым-қатынастар әлемі” тақырыбында 7 “Б” сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Оқушылар толықтай сабаққа қатысып бейнебаян бойынша өз ойларын айтып топ бойынша сұрақтарға жауап берді.